Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментіне жаңа бастық тағайындалды

Сурет: gov.kz
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің бастығы лауазымына Марат Төлебаев тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Жаңа басшыны бүгін ІІМ басшысы жеке құраммен таныстырды.

Бұған дейін осы қызметті атқарған Ержан Саденов ҚР Президентінің Өкімімен жақында ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. Министр Ержан Саденовтың басшылығымен Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша оң нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтіп, атқарылған жұмыс үшін алғысын білдірді.

Біздің елордамыз қарқынды өсіп, дамып келеді, оның тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды. Аумақтық бөлімшені басқаруда мол тәжірибесі бар Марат Төлебаев Мемлекет басшысының ішкі істер органдарының алдына қойған міндеттерін орындау жұмыстарын, оның ішінде халықпен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшу, полиция қызметін цифрландыру және қылмысқа қарсы күресті тиісті деңгейде жалғастыратынына сенімдімін. Біздің елордамыз әлемдегі ең қауіпсіз қалалардың қатарында болуы тиіс. ІІМ Ерлан Тұрғымбаев

Марат Сағынтайұлы Төлебаев 1969 жылы туған.

Полиция генерал-майоры арнайы атағы бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Конституциясы – Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы