Қаңтар оқиғасын тергеуге 68 сот сарапшысынан тұратын қосымша резерв құрылды

Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласында 33 сот сарапшысы қаңтар айындағы оқиғалар кезіндегі тәртіпсіздіктер мен тонау жағдайларын тергеу аясында жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Сараптаманы 19 жергілікті және басқа өңірлерден іссапармен келген 14 маман жүргізіп жатыр.

Осылайша, сот сарапшыларының жүктемесі қалыпты шегінде, қағазбастылық пен жұмыс мерзімі кешіктіріліп жатқан жоқ.

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың тапсырмасы бойынша жедел тергеу мақсатында Әділет министрлігі 68 сот сарапшысынан тұратын қосымша резерв құрды, олардың көпшілігі экономикалық сараптамаға маманданған. 2021 жылғы 31 қаңтардан бастап резервтегі мамандардың бір бөлігі өңірге жіберіледі. Қалғандары тиісті органдардың сот сараптамасын тағайындауына қарай жұмысқа тартылатын болады. ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі

Үкіметтің баспасөз қызметі осындай сараптамалық жұмыстар Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында да жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз