Теміртауда автожөндеу орталығының қызметкері клиенттің көлігін ұрлап кетті

Сурет: ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпараттық ресурсы
Теміртауда автожөндеу орталығының қызметкері клиенттің көлігін ұрлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпараттық ресурсы 22 қаңтар күні Теміртау қалалық полиция басқармасы Шығыс полиция бөліміне 59 жастағы қала тұрғыны шағымданғанын жазды. Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне көлігін жөндету үшін автожөндеу орталығына қалдырғанын, арада бірнеше күн өткен соң жөнделген көлігін алып кетуге келгенде, оны белгісіз біреудің ұрлап кеткенін айтқан.

Қылмысты ашу бойынша жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері көлік ұрланған автожөндеу орталығында жұмыс істейтін 30 жастағы азаматы ұстады. Күдікті көлікті алып кеткенін мойындады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабына (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпараттық ресурсы

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды