Павлодар облысының полиция департаментін Василий Скляр басқаратын болды

Сурет: Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі
ҚР Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы лауазымына Василий Скляр тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 қаңтарда ІІМ басшысы полиция департаментінің жаңа бастығын жеке құрамға таныстырды.

Василий Васильевич Скляр 1983 жылы дүниеге келген.

2006 жылы ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын, 2012 жылы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының магистратурасын бітірген, заңгер, құқық магистрі.

Түрлі лауазымды қызмет атқарған.

Соның ішінде:

Павлодар қаласының учаскелік полиция инспекторы;

қылмыстарды ашу жөніндегі жедел уәкіл;

аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары.

2017 жылғы сәуірде Павлодар облысы Ақсу қаласының ІІБ бастығы болып тағайындалды.

Бұған дейін ол Павлодар облысы ПД Екібастұз полиция басқармасын басқарған.

Арнайы атағы: полиция полковнигі.

Бұған дейін Павлодар облысының полиция басшысы лауазымын Нұрлан Мәсімов атқарды. 17 қаңтарда Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты