Алматыдағы метро бекетінің жанынан оқ-дәрі табылды

Сурет: ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпараттық ресурсы
Алматыдағы метро бекетінің жанынан оқ-дәрі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сай, оқ-дәріні полицияның Дозор есімді ізкесуші иті тапқан.

Түске таман инспектор-кинолог “Абай” бекетіне іргелес аумақты аралап шықты. Бір кезде жарылғыш заттарды іздеуге машықтанған қызметтік ит иісті сезіп, серіктесін шыршалары бар алаңға жетеледі. Оның бірінің астынан 5,45 калибрлі Калашников автоматының 30 дана патроны және екі бірлік жарықшулы граната табылды. Оқ-дәріні Медеу аудандық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы процессуалдық тәртіпте тәркіледі. Олардың нақты тиесілігі тергеу барысында анықталады.Метрополитендегі Полиция басқармасының бастығы Ерік Насырбеков
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді