Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы болып Абай Жүсіпов тағайындалды

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы лауазымына Абай Жүсіпов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Полиция департаментінің жеке құрамына жаңа бастықты ІІМ басшысы таныстырды.

Абай Қуатбайұлы Жүсіпов 1978 жылы дүниеге келген.

Ішкі істер органдарында 2003 жылдан бастап қызмет атқарады. Орта және аға басшы құрамның әртүрлі жедел лауазымдарында қызмет атқарған.

2018-2020 жылдары Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары болған.

2020 жылғы наурыздан бастап ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментін басқарған.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз