Ақтауда іздеуде жүрген ер адам ұсталды

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Елордалық полиция халықаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады. Ол "Nur-AvtoKz" ЖШС директорының орынбасары болған кезде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұр-Сұлтан полициясы 2021 жылдың қыркүйегінен бастап бүгінге дейін елорданың 280-ге жуық тұрғыны компания басшылығы ақшалары мен автокөліктерін алаяқтық жолмен иемденгені туралы шағыммен жүгінгенін хабарлайды.

Тәртіп сақшылары компания басшылығының 45 жұмыс күні ішінде нарықтық бағадан төмен бағамен көлік алып келіп, ұсыну туралы азаматтармен арада шарттар жасасқанын анықтады. Ақшаны сатып алушылар ЖШС кассасына әкеліп қткізген. Клиенттерге келтірілген материалдық шығын 3 млрд теңгеден асты.

"Алаяқтық" бабы бойынша тергеу басталды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында алаяқтық жасады деп күдікке ілінген 35 жастағы ЖШС директоры 2021 жылдың қазан айында тергеу органдарынан қашып кеткен. Оған іздеу жарияланды.

Тергеу соты ер адамға қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын таңдады.

Іздестіру шаралары кезінде ер адам ұсталып, Ақтау қаласының УҰИ-ға қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты