Алматыда ер адам баласын ауруханаға тастап, қашып кеткен

Сурет: pixabay
Әлеуметтік желіде тастанды бала туралы жазба жарияланып, қоғамда резонанс тудырды. Қазіргі уақытта полиция баланың ата-анасын іздеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
№2 балалар ауруханасында екі жасар бала қараусыз қалған. Ол қыркүйектен бастап сонда екен, ал ата-анасы оны алып кетуге келмеген. Бұл туралы маған сол арада жұмыс істейтін досым айтты. Клиниканың адвокаты бұл мәселемен әлі айналыспаған. Осы жайтты қозғап, ең құрымағанда, баланың үйіне оралуына түрткі болсақ деймін. Instagram-дағы @zhaloby.almaty тобын қолданушы

22 қыркүйекте Саин және Райымбек көшелерінің қиылысында полицейлер қолында баласы бар ер адамды тауып, Әуезов аудандық полиция басқармасына апарғаны анықталды.

Ер адам өзін баланың әкесі ретінде таныстырған, бірақ қолында оны растайтын құжаттары болмапты. Ол Жамбыл облысы, Меркі ауылынан келгенін айтқан. Баланың анасы әке мен баланы тастап, кетіп қалған. Ал қолында баласы әкенің қалада барар жері болмапты. Ол балада құжат мүлде жоқ екенін айтқан. Өйткені шешесі баласына құжат жасатпапты. Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы Ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова

Баланы №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасына тексеру және емдеу үшін жатқызған. Сонымен бірге, өзін әкесі деп таныстырған адам бала ауруханада болған кезде оның барлық қажетті құжаттарын рәсімдеуге уәде берген. Алайда, ол із-түссіз жоғалып кетті. Полиция ер адамды кезіктерген ауданға бірнеше рет барып, оны таба алмады.

Анасы мен әкесін ата-ана құқығынан айыру мүмкін емес, өйткені баланың туу туралы куәлігі жоқ. Баланың нақты ата-анасы іздесітіріліп жатыр.

Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахмановтың айтуынша, көп ұзамай Әуезов ауданының қорғаншылық органы туу туралы куәлікті рәсімдеу мәселесін өз бетінше шешеді. Содан кейін баланы мамандандырылған балалар үйіне ауыстырады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті