Түркістан облыстық ПД бастығы болып Мұрат Қабденов тағайындалды

Сурет: polisia.kz
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына Мұрат Қабденов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Түркістан облысына жұмыс сапарымен Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев келді. Министр облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге жаңадан салынып жатқан облыстық Полиция департаментінің ғимаратында болып, құрылыс барысымен танысты.

Министр кезекші бөлім мен полиция қызметкерлерінің қызметтік кабинеттерін қарап шықты, сондай-ақ, құрылыс жұмыстарының сапасын бағалады. Одан кейін еліміздің бас полицейі жеке құрамға Түркістан облысы Полиция департаментінің жаңа бастығын таныстырды.

Мұрат Талапұлы Қабденов құқық қорғау органдарында 1992 жылдан бері жұмыс істейді. Жедел құрылымдарда жұмыс тәжірибесі мол. Әр жылдары Батыс Қазақстан облысының ІІД, ІІМ Әкімшілік полиция комитетін басқарды, сондай-ақ, Ішкі істер министрінің кеңесшісі болды. Соңғы жылдары ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы болып қызмет атқарған.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі