Алматыда заңсыз сақталған қарулар іздестіріліп жатыр

Сурет: pixabay
Алматыда заңсыз сақталған қаруды іздестіру және тәркілеуге бағытталған «Қару» іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz

Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов мәлімдегендей, іс-шараның мақсаты – жедел жағдайды жақсарту, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді қолдану арқылы жасалған қылмыстардың алдын алу және ашу.

Тәжірибе көрсеткендей, мұндай іс-шаралар мегаполисте қылмыстық жағдайды жақсартуға оң әсер етеді. Алматы полициясының жеке құрамы қызметтің күшейтілген режиміне ауыстырылды. «Қару» жедел алдын алу іс-шаралары тіркелмеген қарудың максималды санын заңсыз айналымнан шығаруға мүмкіндік береді.Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов

Алматы полициясы қару қабылдау науқаны жүріп жатқанын еске салды.

Бұл ретте, қару мен оқ-дәрiлердi тапсырған адамдар, егер олардың қандай да бiр қылмысқа қатысы анықталмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырмағандар анықталса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қазақстан
Алматы
Таймерденов Қанат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды