Бас прокуратура: Олардың түпкі мақсаты билікті қарумен күштеп басып алу болған

Сурет: Zakon.kz
Бас прокуратураның мәлімдеуінше, қаңтар оқиғасына қатысты деген күдікпен ұсталғандардың арасында 35 тыйым салынған экстремистік ағымдардың мүшелері анықталған, деп хабарлайды Zakon.kz

Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері «Казахстанский» атты ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшілерін ұстағанын айтты. Олардан оқ дәрімен бірге, 15 атыс қаруы тәркіленген. Қазір қылмыстық топтың басқа да ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Ерекше атап өтерлігі – саяси-экстремизмнің айқын белгілерінің анықталуы. Бейбіт акцияға қатысушылардың талаптары мемлекет тарапынан орындалса да, арандатушылар әдейі жанжал шығарып, оны ушықтырып, саяси талаптар қоя бастаған. Олардың түпкі мақсаты билікті қарумен күштеп басып алу болған. Тіпті қоғам және азаматтық белсенділер деп саналатындар наразылықтың бастапқы кезеңін пайдаланып, тізгінді өздері алуға тырысқан. Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров

Бұл ретте тыйым салынған «ҚДТ/көше» атты экстремистік ұйымның мүшелері жаппай тәртіпсіздіктерге белсене итермелеген.

Прокурордың айтуынша, жалпы ұсталғандардың арасында 35 тыйым салынған экстремистік ағымдардың мүшелері анықталған.

Мысалы, Алматыда қылмыстық бағыттағы деструктивті діни ағымдардың бір топ мүшелері ұсталды. Оларды ұстау кезінде қолдануға дайын болған қару-жарақ тәркіленді. Олар өз тобының әрекеттерін үйлестіріп отырған. Бұл ретте олардың бір бөлігі алаңда жүрсе, екіншісі, қаланың төменгі жағында баррикадаларда болған. Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров

Ризабек Ожаров қазір тергеу амалдары бұл оқиғалардың қалай болғанын анықтап жатқанын айтты.

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды