Елорда тұрғындарына ұзақ сапарларға шығудан бас тарта тұру ескертілді

Сурет: Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің ІСБ
Елорда тұрғындарына ауа райының нашарлауына байланысты және қауіпсіздік мақсатында ұзақ сапарларға жеке көлікпен шығудан бас тартып, қажет болған жағдайда баламалы жолаушылар көлігін пайдалану ұсынылады, деп хабарлайды Zakon.kz

Елордадағы күрделі метеорологиялық жағдайды ескере отырып, балаларды ересектерсіз үйден шығармауға кеңес береміз.

Қала көшелерімен жеке көлікпен жүру кезінде көшелерді тазалайтын коммуналдық қызметтердің арнайы техникасының колонналарына кедергі келтірмеуге, сондай-ақ қажет болған жағдайда жол қозғалысының басқа қатысушыларына көмек көрсетуге міндетті.

Қаладан транзитпен өтетін көлік құралдарының жүргізушілері белгіленген тұрақ орындарында ғана тұраққа қоюды жүзеге асыруы және қаладан шыққан кезде автокөліктерді күре жолдың бойында қалдырмауы қажет.

Апаттылықты талдауға сәйкес, жыл басынан бері елорда аумағында 3 620 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, нәтижесінде 45 адам жарақат алған.

Жүргізушілерден жолдарда өте мұқият болуды, жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтауды сұраймыз.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады