Бас прокуратура жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың портретін суреттеп берді

Сурет: Zakon.kz
Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ-да өткен брифингіде жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың портретін суреттеп берді, деп хабарлайды Zakon.kz

Қилымжанов 16 ақпандағы жағдай бойынша Бас Прокуратура, ІІМ, ҰҚК және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеген барлық қылмыстық істер бойынша соттың санкциясымен 741 күдікті қамауда алынғанын хабарлады. Олардың ішінде бұрын сотталған 113 адам, тыйым салынған экстремистік қозғалыстардың 42 және ұйымдасқан қылмыстық топтардың 35 мүшесі бар.

Біз Алматыда тұтқындалған барлық адамдардың жеке басын зерттеп, портретін жасадық. Негізінен, олардың басым көпшілігі – 30 жасқа дейінгі, жоғары білімі де, тұрақты жұмысы да жоқ жастар. Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов

Сондай-ақ ол ұсталғандар арасында жүргізілген анонимді сауалнаманың нәтижелерін жариялады.

Талқандауға қатысушының әрбір үшіншісі қалыптасқан жағдайды пайдаланып, бөтеннің мүлкін ұрлау арқылы пайда тапқысы келгенін мойындады. Елдос Қилымжанов

Сондай-ақ, ол халық арасында қасақана үрей тудырып, дабыра жасау үшін базбір жеке тұлғалар мақсатты түрде әрекет еткенін айтты.

Ол үшін мемлекеттік биліктің символы іспетті әкімдік ғимараттарын, сондай-ақ құқық қорғау органдары нысандарын қоршауға алып, оларға шабуыл жасады. Сондықтан ҚР Қылмыстық кодексінің 255-бабына сәйкес, мұндай әрекеттер терроризм актілері ретінде сараланады. Елдос Қилымжанов

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаңтардағы оқиғалардың тергеу барысы баяндалған болатын.

Қазақстан
Алматы
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды