ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, есірткі заттарының заңсыз айналымы мен өткізу схемасына бірден облыстың 8 тұрғыны тартылған, олар белгіленген жерге есірткіні қойып отырған.
Жасырын әрекет етіп, жұмысты ұйымдастырып отырған интернет-дүкеннің әкімшісі ел аумағынан тыс отырып-ақ, бәрін басқарған. Оның нұсқауы бойынша есірткі қойып кетушілер логистикалық компаниялар арқылы жеткізілетін, мұқият жасырылған «улы тауарды» алып, түрлі дозалар бойынша өлшеп салып, кейіннен өңірлерге жеткізіп отырған. Басты назарда Өскемен және Семей қалаларының жастары болған. ШҚО ПД баспасөз қызметі
Өткізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде 15 қаңтар мен 15 ақпан аралығында полиция қызметкерлері осы есірткі желісіне тартылған барлық 8 азаматты жеке-жеке ұстады. Олардан алынған синтетикалық құралдардың жалпы салмағы 1 кг 700 грамм-нан асты, бұл 5,5 мың дозаға тең.
Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ұсталғандардың арасында 25-40 жас аралығындағы әртүрлі жастағы ер адамдар бар, олардың кейбіреулері бұрын сотты болған. Күдіктілердің сөздерінше, есірткі қойып кетушілерге жұмыс туралы ұсыныс әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен, алайда заңсыз әрекеттері үшін жауапкершілік көзделгенін олар білмеген.
Аталған адамдардың барлығы соттың санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта олардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сараланады, оның санкциясында 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.ШҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов