Қару-жарақ сақтап, тасымалдаған қылмыстық топ ұсталды

Сурет: Атырау облысы ПД баспасөз қызметі
Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Атырау қаласы аумағында түрлі атыс қаруларын заңсыз сақтау және тасымалдаумен айналысқан тоғыз адамды анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz

Олар 23-27 жас аралығындағы Атырау қаласының тұрғындары.

Тексеру кезінде 26 жастағы күдіктіден серия нөмірі өшірілген тапанша, ал 25 жастағы күдіктіден травматикалық тапанша тәркіленді. Сондай-ақ, Сәтпаев көшесінде орналасқан үйлердің бірінде орналасқан қоймадан  үш атыс қаруы мен екі шолақ мылтық пен оқ-дәрілер тәркіленді. Қазіргі таңда бір атыс қаруы өткен жылы Алматы қаласында орын алған пәтер ұрлықтарының бірінде жоғалған қару ретінде тіркелгені анықталды, тәркіленген барлық қаруға сараптама тағайындалды. Атырау облысы ПД баспасөз қызметі

Күдіктілердің екеуі бұрын да қарумен жасалған бұзақылық фактісі бойынша істі болғандығы айқындалды.

Сурет: Атырау облысы ПД баспасөз қызметі

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 1-бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды. Атырау облысы ПД баспасөз қызметі
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды