Алматы облысында жаппай жол апаты орын алды. Арасында полиция көлігі де бар

Алматы облысында патрульдік көлік пен төрт жеңіл көліктің қатысуымен жаппай жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz

Оқиға орнынан түсірілген видео Telegram-арналардың бірінде жарияланды.

Zakon.kz редакциясы облыстық полиция департаментіне аталған жол апатына қатысты сауал жолдап, мынандай жауап алды: Kia Cadenza патрульдік автокөлігінің қатысуымен болған жаппай жол-көлік оқиғасы 19 ақпанда сағат 08:30 шамасында Талғар ауданында орын алған.

Алматы – Көкпек – Көктал тас жолының 26 шақырымында 24 жастағы Subaru Legacy жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жолдың қарсы бетін шығып кетіп, Kia Cadenza патрульдік автокөлігімен соқтығысқаны анықталды. Одан әрі инерция бойынша Lada Largus, Subaru Outback және Mitsubishi Galant автокөліктерінің соқтығысуы орын алды. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Жол апаты орын алған сәт көшедегі бейнебақылау камерасының біріне жазылған.

Жол апатынан үш патрульдік полиция қызметкері зардап шекті, олар Есік қаласының ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлік тексеруден кейін амбулаториялық емделуге жіберілді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан басқа зардап шегушілер тіркелмеді. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Аталған факті бойынша тиісті тексеру жүргізілетін болады.

Талдықорған
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: