Алматының орталығынан атыс қарулары табылды

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Алматының орталығында қару-жарақ сақталған орын табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz сайтының жазуынша, бұл ақпарат жедел арналар арқылы келіп түскен.

Алматы қаласы бойынша ҰҚКД және Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері көрсетілген орынды тексеру кезінде 4 атыс қаруын тапты. Атап айтқанда: «Beretta Xtreme»,   «Tikka T3x»,   «Gamo FS 10x igt» ,«Sako TRG».

Тәркіленген қарудың кімге тиесілі екенін сот-баллистикалық сараптама анықтайды. Сонымен қатар бұл қарулардың қандай да бір қылмыс жасауда қолданылған-қолданылмағаны дасараптамалық зерттеуден кейін белгілі болады.ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды