ҰҚК төрағасының тағы бір экс-орынбасары ұсталды

Сурет: Zakon.kz
ҚР ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары болған Марат Өсіпов ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, оған лауазымдық өкілеттіліктерін асыра пайдаланды деген күдік келтіріледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы ҰҚК төрағасы К. Мәсімовке, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары Ә. Садықұловқа, Д. Ерғожинға және басқаларға қатысты билікті күштеп басып алу, мемлекетке опасыздық жасау және лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруда, делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар, 2022 жылғы 22 ақпанда лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану күдігі бойынша ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Өсіпов М.С. ұсталды. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

2022 жылғы 23 ақпанда сот санкциясымен оған қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті