Семейде қаққан қызды жүргізуші көлігіне салып алған. Полиция түсінік берді

Сурет: СҚО ПД баспасөз қызметі
22 ақпанда әлеуметтік желіде ШҚО-да белгісіз жүргізушінің көшеде 12-13 жастағы кәмелетке толмаған қызды қағып, оны көлігіне салып алып, белгісіз бағытқа алып кеткені туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға Семей қаласының "Радуга" сауда үйі ауданындағы жаяу жүргіншілер жолағында орын алғаны айтылады.

Бұл факт қалалық ПБ Затон полиция бөлімінде тіркелді. Тәртіп сақшылары күдіктіні іздеуге кірісті.

Семей қаласы полиция басқармасының жеке құрамы баланы қаққан жүргізушінің жеке басын анықтауға бағытталды. Медициналық мекемелер пысықталды. Тексеру барысында 7-15 жас аралығындағы баланың жол апатына түсіп, дене жарақаттарын алу фактісі бойынша "103" арнасына көмекке жүгінгендігі туралы мәлімет анықталмады. ШҚО ПД баспасөз қызметі

Айта кетсек, соңғы күндері Семейде бала жоғалту фактісі бойынша полицияға шағым-өтініштер келіп түскен жоқ.

Қазіргі уақытта жүргізуші мен баланың жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті