Әйел көліктен мысықты лақтырып жібергені үшін жазаланды

Сурет: pixabay
Павлодар полиция қызметкерлері көліктен мысықты лақтырып жіберген әйелді жазалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар полициясы Instagram-дағы пабликте жарияланған суретке байланысты  тексеру жүргізді, деп жазды Рavlodarnews.kz.

Желіде тараған фотоның астына жүргізуші әйел жол бойында тұрып, мысықты лақтырғаны туралы жазылған. Желі қолданушыларының бірі бұл әйел Есеналиев–Байзақов көшелерінің қиылысына тоқтап, көліктен мысық салынған қорапты шығарғанын, сосын көлікке жүгіріп кеткенін жазған.

Жүргізушінің жеке басы анықталды. Қала тұрғыны «Рахмет» базарына келіп, азық-түлік сатып алған. Көліктің есігі ашық болған. Кейін жүріп кеткен кезде мысықтың мияулағанын естіп, оны сыртқа шығарып жіберген.Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Облыс орталығының 57 жастағы тұрғынына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 408-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды