Қарағанды облысында мал ұрлады деп күдік келтірілгендерден қару тәркіленді

Сурет: Zakon.kz
Қарағанды облысында 11 мал ұрлығын жасаған екі қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ауқымды жұмыстардың нәтижесінде 2020 жылы Шет ауданының аумағында атып алу арқылы мал ұрлығын жасаған қылмыстық топтың жұмысына нүкте қойылды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 2 400 000 теңгені құраған. Тінту жұмыстары барысында күдіктілерден тіркелмеген қару және айғақ заттар тәркіленді, – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Сондай-ақ, 2021 жылы Ұлытау ауданында ірі қара ұрлаған екі адамнан тұратын топ ұсталды. Олар жәбірленушілерге 3 000 000 теңге көлемінде шығын келтірген. Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің “Мал ұрлығы” бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Аталған баптың санкциясына сәйкес күдіктілерге дүние мүлкін тәркілеу арқылы 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы