ШҚО-да заңсыз қару-жарақтар тәркіленіп жатыр

Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері заңсыз айналымнан 59 қару тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іздестіру шараларын жүргізу барысында ШҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 59 бірлік қару мен 242 дана ойық қаруға арналған патрон тәркіледі.ШҚО ПД баспасөз қызметі

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәркіленген қару-жарақтардың арасында ойық қарудың 9 түрі (оның ішінде шолақ қару), 1 қолдан жасалған, 46тегіс ұңғылы (5 шолақ қару), газ пистолеті, травматикалық пистолет және электрошокер болған.

Барлық тәркіленген қару фактілері бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің» 482-бабы бойынша 52 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 287-бабы бойынша 22 қылмыстық іс қозғалды. ШҚО ПД баспасөз қызметі

Іс-шара барысында барлығы 10 569 азаматтық қару иелері тұрғылықты жері бойынша тексерілді.

Тексеру нәтижесі бойынша 168 бұзушылық анықталап, олар бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде сақтау ережелерін бұзғаны үшін Кодекстің 484-бабы бойынша 115 факт және қайта тіркеу ережелерін бұзғаны үшін Кодекстің 486-бабы бойынша 53 жағдай тіркелді.ПД бастығының бірінші орынбасары Е. Закимов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады