Алматы облысында барымта жасады деген күдікпен үшеу ұсталды

Сурет: Алматы облыстық ПД
Күдіктілерге әзірге 50-ден астам жылқы ұрлады деген айып тағылып отыр. Жәбірленушінің бірі - 32 жастағы шымкенттік кәсіпкер, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысының солтүстік бөлігінде мал ұрлығына күдікті бір топ адам ұсталды, деп хабарлады облыстың полиция департаменті.

Барымташылар үш ауылдықтан тұрады, олардың екеуі бұрын мал ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Күдіктілерге әзірге 50-ден астам жылқы ұрлады деген айып тағылып отыр. Зардап шегуші - Ақсу ауданындағы Қызылағаш ауылының маңында шаруа қожалығы бар 32 жастағы шымкенттік кәсіпкер.

Жылқы ұрлығы 2022 жылдың ақпан айында тіркелген. Табын жылқы екі кезең бойынша ұрланған. Бастапқыда қожайыны 25 млн теңгеге бағалаған 32 жылқы ұрланды. Содан кейін тағы 14,5 млн теңгенің 19 жылқысы ұрланды.

Полиция әзірге ұрланған табын жылқының 33 басын тауып, кері қайтарды.

Қазіргі уақытта ұсталған адамдар қамауға алынды. Күдіктілердің мал ұрлығының басқа фактілеріне қатыстылығын тексеру облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қолға алды.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды