Қосшыда сауна қызметкерін мас ер адам ұрып-соққан

Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысының полицейлері 37 жастағы ер адамды ұстап, уақытша ұстау изоляторына тоғытты. "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2 сәуірде Қосшыдағы сауналардың бірінде оқыс оқиға орын алды. Саунаға келген клиенттің бірі сол жердің әкімшісін ұрған.

Ақмола облысының полиция департаменті саунада көңіл көтергісі келгендер спирттік ішімдікке бас қойғанын хабарлады. 31 жастағы әйел төлем мәселесін нақтылау үшін ер адамдарға келеді. Сол кезде олардың бірі әйелге тап береді.

Полицейлер осы оқиғаға қатысты Қосшы қаласының бір және Нұр-Сұлтанның екі тұрғынын тапты.

44 жастағы Косшы тұрғыны мен 36 жастағы елордалықтың қанынан алынған сынама бірінің жеңіл және екіншісінің орташа дәрежеде мас екенін нақтылады. Олар Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық айықтырғышқа қамалды. Ақмола облыстық ПД

37 жастағы күдікті ер адам ұсталып, Целиноград аудандық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады