Жыл басталғалы 8 есірткі зертханасы жойылды

Сурет: Zakon.kz
ІІМ жыл басынан бері республика аумағында Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында 8 есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиев есірткіге қарсы заңнамаға өзгерістер енгізілгелі синтетикалық есірткілердің жаңа буынын анықтау жанданды. Осылайша есірткінің жаңа түрлері айналымына бақылау орнату жеңілдеді.

Polisia.kz-тің хабарауынша, осы түзетулер қабылданған сәттен бастап бақылаудағы тізімдерге осындай 115 зат енгізілді. Заңнамаға түзетулер қабылданған сәттен бастап (2019 ж.) ішкі істер органдары 182 келі синтетика тәркілеп, 35 есірткі зертханасын жойды.

2022 жылы республика бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында 8 есірткі зертханасы жойылды.

Қолдануға дайын 33 келіден астам есірткі, оның ішінде 14 келіден астам синтетикалық есірткі, 19 келі қарасора және 165 литр прекурсор – есірткі өндіруге қажетті заттар тәркіленді.

Зертханалар ұйымдастырғаны үшін 16 адам ұсталды. Осылайша тек Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері үш жасырын есірткі өндірісі жойылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Зорлық-зомбылық жасады деп айыпқа ілінген ХҚС Бас прокуроры отставкаға кетіп тынды

Қазақстанда шоколад бағасы рекордтық деңгейде қымбаттады