Елордада ер адам шаштараз қызды ұрып жіберді

Сурет: pixabay
Әлеуметтік желіде сұлулық салоны қызметкерлерінің бірін ұрып жіберген ер адамның видеосы тарауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жанжалға тұтынушы ер адамның алдын ала жазылған уақыттан бұрын ұлының шашын қиюды сұрағаны себеп болған.

Мекеме қызметкерлері ер адамға уақыт әлі болмағанын, ол арадан шығуын сұраған. Тұтынушы бұған намыстанып, салон қызметкерлерін балағаттап, олардың бірі - 22 жастағы шеберді ұрып жіберді.

Жәбірленуші полицияға арызданды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

34 жастағы қоғамдық тәртіпті бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы, яғни "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік іс қозғалды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен кінәлі адамға әкімшілік айыппұл салынды.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті қоғамның орында айналасындағыларға құрмет көрсетпеу, дөрекілік таныту заңсыз әрекеттер болып саналатынын, оған қатысты жауапкершілік барын ескертеді. Сарыарқа аудандық полиция басқармасының бастығы Қуаныш Орынбетов
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Алина Чистякова жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

Еліміз бойынша 11 маусымға арналған ауа райы болжамы

Австралияда маса шағып, сирек кездесетін вирус жұқтырған турист көз жұмды