Түркістан облысында 5 миллион теңге шығын келтірген алаяқ ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Түркістан қаласы Полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арыз қалдырған. Ол алаяқтың құрбаны болғанын айтып, шағымданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, 2021 жылдың қаңтарында жақын танысы «бірге бизнес ашамыз» деп, 5 миллион теңге несие алдырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алайда танысы ақша алғаннан кейін жасырынып, берген уәдесін орындамай әрі ақшасын қайтармай әбігерге салған. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Полицейлер жедел-іздестіру кезінде күдіктінің жеке-басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Ол Кентау қаласының тұрғыны болып шықты.

Полиция қызметкерлері ұсталған ер адамның алдау жолымен алған ақшаны өзінің қажетіне жаратып жібергенін анықтады. Қазір аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшылары алаяқтың бұдан басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қаржы мәселелерін шешуге күмәнді көмек ұсынатын бейтаныс адамдарға мұқият болу керек екенін және артық сенім білдірмеу қажет екенін ескертеді.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты