Алматы облысының тұрғыны мешіттерде 16 ұрлық жасаған

Сурет: polisia.kz
Талғар полицейлері мешіттерде адамдардан түрлі зат ұрлаған 25 жастағы жігітті ұстады. Оның 16 ұрлыққа қатысы бар екені дәлелденді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпан айының соңынан бері Талғар аудандық ішкі істер бөліміне Тұздыбастау, Гүлдала, Қызыл ту және Панфилов ауылдарында орналасқан мешіт жамағатынан өтініш келіп түсті.

Көшедегі бейнебақылау камерасы үнемі қорғаныс маскасын киіп жүретін ер адамның әрекетін түсіріп алған.

Күдікті құптан намазының уақытын пайдаланып, келушілердің ақшасын, ұялы телефонын және бағалы заттарын ұрлап кеткен. Ол мешіт ішінде де, сыртында да әрекет етіп, тұрақтағы көліктерді де ашқан. Ол пластиктен жасалған әрі болат ұшы бар арнайы балғамен көліктердің бүйірлік әйнектерін сындырған.Талғар аудандық полициясы бастығының орынбасары Бурянский Андрей

Ер адам сол маңдағы Есік қаласында тұрады. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазір ұсталған азаматтың облыстағы осыған ұқсас басқа да ұрлық әрекеттеріне қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз