Семейдің №2 сотында Нұрлан Жоламановты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші бойынша материалдар қаралды.
Жазаны өтеу кезінде ол өзін жағымды жақтарынан көрсетті, іс жүргізу шығындарын төледі, сот үкімі бойынша азаматтық талабы жоқ, 19 мадақтауы бар, жеңілдетілген ұстау жағдайына ауыстырылды, оқу іс-шараларына және мекеменің қоғамдық өміріне белсенді ат салысады, сондықтан ол жазасын толық өтеуді қажет етпейді. Семей қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әскери сотының 2015 жылғы 6 наурыздағы үкімімен Жоламанов 11 жылға бас бостандығынан айырылды, мүлкі тәркіленіп, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу үкім етілді
Жазасын өтеу мерзімі 2014 жылы 27 қазаннан басталып, 2025 жылдың 27 қазанында аяқталуы тиіс еді.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушы шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өз өтінішін қанағаттандыруды сұраған. Оның адвокаттары, мекеме өкілі және прокурор да өтінішті қолдады.
Сот бұл өтінішті қанағаттандыру қажет деп тапты. Жоғарғы Соттың 02.10.2015 жылғы №6 "Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы" нормативтік қаулысының 9-тармағына сәйкес...", сондай-ақ оны жағымды жағынан сипаттайтын деректерді ескере отырып, сот оны түзету және жазаны одан әрі өтеу үшін негіздердің жоқтығы туралы оң мәліметтер ретінде бағалады. Сонымен қатар бірқатар ауыр дертін де ескерді. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ. Семей қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі