Ақмола облысында жоғалған 14 жылқының ұшасы көлден табылды

Сурет: Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі
Ақмола облысында Қызыл-Сор көлінде суға батқан жылқылардың ұшасы табылды. Жоғалған бұл малды қожайыны өткен жылдың желтоқсан айынан бері іздеп келіпті, деп хабарлайды Zakon.kz.
2021 жылдың желтоқсанында Ерейментау полициясы бөліміне 45 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Ер адам оның 2-8 желтоқсан аралығында еркін жайылымда жүрген 14 бас жылқысы жоғалғанын айтты. Шығын сомасы 7,5 млн теңгені құрады. Тергеу бөлімі бұл фактіні сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 188-1-бабы 2-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша енгізген. Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі

Ерейментау АПБ қызметкерлері үш айдан астам уақыт бойы барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Жануарлардың жоғалып кету қаупі бар аймақтағы жыралар, бос жерлер, орман алқаптары, сондай-ақ мал тасымалдаумен айналысатын автокөліктер, мал етін өткізудің ықтимал базарлары тексерілді.

12 сәуірде Қызыл-Сор көлінде суға батқан жылқылардың ұшасы табылды. Резиналы қайықты пайдалана отырып, жедел уәкілдер мен учаскелік инспекторлар су қоймасынан жануарлардың ұшаларын өз күштерімен шығарып алды.

Өзінің табиғаты бойынша көл жартылай тұщы, жартылай тұзды және төмен температурада толық мұздануға ұшырамайды. Малдың қыс мезгілінде мұздың жұқа қабатының астына түсіп өлгені анықталды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды