Шу тұрғыны екі ауылдасын 2 млн теңгеге тақырға отырғызды

Сурет: pexels
Шу аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызбен жүгінді. Танысы оның атынан банктің интернет қосымшасы арқылы 1 млн теңге көлемінде несие рәсімдеп алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бір аптадан кейін полицияға 25 жастағы әйел де осындай арыз түсірді. Ол күйеуінің досы интернет банкинг қосымшасының көмегімен 956 мың теңгеге тауарлық несие ресімдегенін айтты.

Аталған фактілерге сәйкес, ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында Шу ауданының 25 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады