Маңғыстауда алаяқтықтың жаңа түрінен 70 адам зардап шекті

Сурет: Zakon.kz
Маңғыстау облысында алаяқтықтың жаңа тәсілі пайда болды. Бұл жолы тиімді автонесиелеу қызметі ұсынылып жатыр, осыған сенген адамдар ақырында көлігінен айырылып тынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтау прокуратурасының мәліметінше, осындай алаяқтық түрінен 70 адам зардап шеккен, деп жазады lada.kz.

Алаяқтар азаматтарға орташа есеппен 200-ден 500 мың теңге аралығында ақшалай сыйақы үшін тиімді автонесие ресімдеуге, оны қысқа мерзімде жабуға уәде береді.

Бұл арада алаяқтық құрбаны көлігін қаскөйге өз еркімен сеніп тапсырады, ол адал азамат ретінде автонесиенің бастапқы жарнасын және несие бойынша ай сайынғы төлемдерді төлей бастайды, бірақ бұл тек алғашқы айларда ғана. Осы кезең ішінде көлікті иемденген әлгі адам оны нарықтағы бағадан төмен құнда сатылымға шығарып, ал сатып жібергенде несие бойынша төлемді төлеуді бірден доғарады. Ақтау қалалық прокуратурасы

Полиция басқармасындағылар тергеу барысын қала прокуратурасының бақылауына алынғанын, қажетті тергеу әрекеттері мен жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы нұсқаулар берілгенін айтты.

Прокуратура қазақстандықтарды сақ болуға және несиелеудің күмәнді схемаларына қатысудан бас тартуға, басқа да адамдарды тартып әкелгені үшін ақы беруге уәде ететін мессенджердегі түрлі топтарда болса, одан тезірек шығып кетуге шақырады.

"Жеңіл ақшаның" соңына түсемін деп мүлкіңіз бен ақшаңыздан айырылып қана қоймай, сонымен қатар туыстарыңыз бен таныстарыңызды да қауіп-қатерге тігесіз, - делінген хабарламада прокуратура.

Егер сіз осындай алаяқтық схемасының құрбаны болсаңыз, прокуратура мына нөмірге хабарласуды сұрайды: 8 (7292) 44-02-78 .

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі