Жамбыл облысында Audi жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, қашып кетті

Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысында Audi-80 көлігінің 28 жастағы жүргізушісі ұсталды. Ол жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Ұсталған азамат кінәсін мойындап үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға 19 мамырға қараған түні Айша бибі-Қаратау жолының 3-шақырымында болды.

Облыстық полицияның мәліметінше, жүргізуші 45 жастағы ер адамды қағып кетіп, қашып кеткен. Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345 және 347-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жамбыл облысы полиция департаментіне қарасты жедел-іздестіру тобының қызметкерлері көлік жүргізушісін ұстады.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Көлік тұраққа қойылды. Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды. Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды