Өтірік банк қызметкерлері Степногорск тұрғынын 9 млн теңгеге алдап соққан

Сурет: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі
Ақмола облысының полицейлері жергілікті тұрғынды 9 млн теңгеге алдап соққан алаяқтарды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгісіз біреулер өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, Степногорск тұрғынын Қазақстан Республикасының бірқатар банктерінен жалпы сомасы 3 млн теңгеге бірнеше несие рәсімдеуге көндірген.

Сонымен қатар, олар оны пәтерін сатуға, одан түскен ақшаны өздеріне беруге мәжбүр еткен. Жалпы шығын 9 млн 150 мың теңгені құрады.

Биыл 17 мамырда 38 жастағы жәбірленуші Степногорск қаласының полиция басқармасына арызданды.

Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бірқатар жедел-іздестіру шараларын жүргізді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде күдіктілер анықталды. Олар Павлодар облысының 23 және 24 жастағы екі тұрғыны болып шықты. Ұсталғандардан екінші деңгейдегі түрлі банктердің 25 карточкасы, үшінші тұлғаларға ресімделген карточкалар және 10 ұялы телефон тәркіленді. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Степногорск қаласының полиция басқармасы аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі, яғни "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады