ҚР ІІМ қарасора өсіретіндерге үлкен көлемде айыппұл салынатынын еске салды

Қазақстанда “Қарасора-2022” жедел-алдын алу іс-шарасы іске қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс шараның ресми салтанаты ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Саденовтың төрағалығымен ашылды.

Оған Қорғаныс, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Операцияны Ішкі істер министрлігі жыл сайын 1 маусым мен 30 қазан аралығында жүргізеді. Оның міндеті – Қазақстан аумағындағы есірткінің шикізат базасын жою, есірткіні шетелден жеткізу арналарына тосқауыл қою, сондай-ақ құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру мен дайындау фактілерінің жолын кесу.

Операцияны ұйымдастыруға Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан, ІІМ және “Ғарыш Сапары” АҚ күштері мен құралдары жұмылдырылған.

ІІМ құрамында есірткі заттары бар, тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіргені үшін қылмыстық жауапкершілік, сонымен қатар, есірткі құралдары мен жабайы өсетін сораның тізбесіне енгізілген өсімдіктерді жоюға шаралар қолданбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Заңсыз егістер мен өсетін жерлер, құрамында есірткі бар жабайы өсімдіктер анықталған жағдайда, құқық қорғау органдарына дереу хабарлау қажет.

Ауыл шаруашылығы дақылдары егістерінде, бақтарда, питомниктерде және саябақтарда, егістіктердің жиегінде, тас жолдар мен темір жолдар маңайында, мекемелер аумағында, қалалар мен басқа да елді-мекендер тұрғындарының жер учаскелерінде, сондай-ақ мемлекеттік орман және су қорлары, мемлекеттік қордағы және орман қоры жерлерінде жабайы сораны жоюға шаралар қолданбау әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады:

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: