ҚР ІІМ Өңірлерде кадрлық тағайындаулар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді

Сурет: Zakon.kz
Ұлттық ұлан, Павлодар, Нұр-Сұлтан қалаларыныңполиция департаменттерінде және Шымкент қаласының аудандық полиция басқармасында кадрлық тағайындаулар жүргізілді. Бұл туралы брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ішкі істер министрлігі жүйесінде тұрақты түрде ашық кадрлық тағайындаулар өтті. Ведомство басшылығы полиция басқармасының басшысы, полиция департаменті бастығының орынбасары және Ұлттық ұланның бас қолбасшысы лауазымдарына үміткерлерді жеке зерделеді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек

Спикердің айтуынша, жаңа тағайындау форматы аясында ұсынылған кандидаттардың әрқайсысы жеке-жеке қаралды.

Мәселен, бірінші кезекте министр мен оның орынбасарлары Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары қызметіне Қайрат Үмбетовтің кандидатурасын қарады.

Кандидат қаралғанда олар Қайрат Үмбетовтің ерлік жасап, әскерге шақырылған сарбазды граната жарылысынан денесімен жауып, түрлі жарақат алғанын еске алды.

Сондай-ақ, Ішкі істер министрінің бұйрығымен:

  • Қуаныш Орынбетов Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары қызметіне;

  • Ермек Әлжанов Павлодар полиция басқармасы басшысы қызметіне;

  • Алмас Әмзеев Шымкент қаласы Еңбекші ауданы полиция басқармасының басшысы лауазымына ұсынылды.

Қазақстан
Шымкент
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды