Нұр-Сұлтанда бала күтушісі үй иелерінің 3 мың АҚШ долларын қолды қылған

Сурет: Zakon.kz
“Есіл” аудандық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде үй иелерінің ақшасын ұрлады деген күдікпен күтуші болып жұмыс істеген әйелді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында 31 жастағы әйелдің аталған отбасына бала күтушісі болып жұмысқа орналасқаны анықталды. Ол бір ай жұмыс істегеннен кейін шкафта жатқан ақшаны байқайды. Кейін үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, мезгіл-мезгілімен ұрлық жасаған. Жалпы ол 3 000 АҚШ долларын ұрлаған. Бір күні үйдің иесі ақшаның жоғалғанын байқап, полицияға жүгінген.

Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК-нің 188-бабы “Ұрлық” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Күдікті өз кінәсін мойындады.

Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты