Ішкі істер министрлігіне қарасты оқу орындарына қабылдау ережесі өзгереді

Сурет: Zakon.kz
ҚР ІІМ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 10-бабына сәйкес келтіру мақсатында 35 жастан аспаған азаматтарды оқуға қабылдауға шектеу енгізіледі.

ІІМ арнаулы оқу орындарына күндізгі оқу нысаны бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған және отыз бес жастан аспаған, өзінің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, денсаулығы мен дене шынықтыру, білім деңгейі бойынша оларға жүктелген лауазымдық міндеттерді орындауға қабілетті Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

ІІМ арнаулы оқу орындарына қысқартылған мерзіммен білім беру бағдарламалары бойынша қашықтықтан оқытуға заңгерлік бағыттағы даярлық бойынша жоғары білімі бар адамдарды қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері қабылданады.

Конкурстық іріктеу кезеңдерін жүйелеу мақсатында толықтыру енгізіледі, оған сәйкес арнаулы оқу орындарына оқуға кандидаттарды қабылдау конкурстық негізде 4 кезеңде жүргізілетін болады:

Іріктеудің жаңа кезеңдерінің енгізілуіне байланысты қабылдау комиссиясының жұмыс режиміне нақтылаушы түзетулер енгізіледі.

Бұдан бөлек, бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуға кандидаттарды сапалы іріктеу мақсатында іріктеудің қосымша кезеңдерін қамтитын жаңа формат енгізіледі: эссе жазу, әңгімелесуден өту, IQ-тест, сондай-ақ жеке тұлғаның психологиялық типін анықтауға тестілеу.

Бұл кандидаттың ой-пікірін логикалық және дәлелді түрде баяндау дағдыларын, зияткерлік қабілеттерін, уәждемесін, көшбасшылық әлеуетін, ойлау мәдениеті мен коммуникативтік дағдыларын меңгеру деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.

Іріктеудің жаңа кезеңдерінің енгізілуіне байланысты эссе жазу мен әңгімелесуден өту нәтижелерін қабылдау комиссиясы төрағасының бұйрығымен құрылатын арнайы комиссиялар бағалайтын болады.

Кандидаттарды оқуға қабылдау туралы шешімді түпкілікті медициналық тексеру нәтижелері, дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру және қорытындылау арқылы алынған жалпы балл негізінде қабылдау ұсынылады: ҰБТ балдары, эссе, әңгімелесу нәтижелері.

Құжатты 4 шілдеге дейін Ашық НҚА сайтынан оқуға болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз