Несие сомасы 1 млн 289 мың теңгені құрады.
18 маусымда зейнеткерден полицияға арыз келіп түскен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталды, ол зардап шегушінің 32 жастағы қызы болып шықты. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі
2021 жылдың қарашасынан 2022 жылдың наурыз айы аралығында ол анасын еш түсіндірместен бірнеше рет суретке түсіріп, содан кейін жеке куәлігін де қолданғаны белгілі болды.
Зейнеткер несиесі мен берешек қарызы бары туралы кейін зейнет картасын бұғаттаған банк қызметкерлерінен білген.
Аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімі аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі, яғни "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алды. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі