Шымкентте әбден қажыған ер адам көпірден секірмек болды

Сурет: видеодан алынды
Оқыс оқиға Шымкент қаласында 23 маусымда орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қаласы ПД Жедел басқару орталығының қызметкерлері қаладағы құқықтық тәртіпті бейнебақылау камералары арқылы қамтамасыз ету кезінде Рысқұлов пен Қонаев көшелерінің қиылысында көпір қоршауына шыққан ер адамды байқайды.

Орта жастағы азамат көпірден секіріп, өзіне-өзі қол жұмсамақ болған. Кезекші инспекторлар жылдам әрекет етіп, жақын маңдағы патрульдік полиция полкінің автоэкипажын жіберді.

Полиция майоры Ерлан Айнамқұлов пен Нұрмахан Қоспанов көпірге үш минут ішінде келіп, ер адамды алаңдату үшін онымен әңгіме бастайды. Барлық мәселелер өз уақытымен шешілетінін, өмір сүруді әрі қарай жалғастыру керек екенін түсіндіреді. Ол тәртіп сақшыларының әңгімесіне назар аударып, отбасы мен балалары туралы сұраққа жауап бере бастаған. Дәл осы сәтте полиция оны ұстап алып, қауіпсіз жерге жеткізді. Болған оқиғаның барлығы полиция қызметкерлерінің бейнежазбасына түсіп қалған. Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі

Көпбалалы әке отбасындағы келеңсіздіктерге байланысты өз-өзіне қол жұмсауға бел буғаны белгілі болды. Қазір оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

ҰҚК Алматы әуежайында тыйым салынған "өсімдікті" тасымалдаған шетелдік бойжеткенді құрықтады