«Алтын-Орда» базарындағы төбелес: полицейлер күдіктіні ұстады

Сурет: Zakon.kz
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 28 жастағы күдіктіні анықтады. Ол Жамбыл облысының тумасы болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазіргі уақытта күдікті Қарасай аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚР ҚК 192-бабы, 3-бөлігі, 1-тармағы "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеліп соққан, денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып жасалған қарақшылық" бойынша қылмыстық тергеу амалдары қолға алынды. Алматы облысы ПД бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Елдар Әбдікенов

Маусым айының ортасында әлеуметтік желіде екі жігіттің төбелескен видеосы жарияланды. Видеода бір жас жігіттің екіншісін киімінен тартып, ұстауға тырысып, ұрланған телефонын қайтаруды сұраған сәті түскен.

Күдікті қарсыласын екі рет ұрып, оқиға орнынан қашып кеткен.

20 маусымда жәбірленуші Алматыдағы көпсалалы клиникалық ауруханасына түсіп, 8 шілде күні таңертең қайтыс болды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, Алматы облысының жедел уәкілдері ұстаған күдікті көрші өңірге барып жасырынған. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, олардың нәтижесі бойынша қысқа мерзімде іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды