2022 жылы 7 маусымда таңғы сағат 04:58 шамасында 102 шұғыл байланыс желісіне облыс орталығында орналасқан ойын клубының кассирі хабарласты. Жәбірленуші жас қыздың айтуынша, бетперде таққан белгісіз біреулер ойынханаға қарақшылық шабуыл жасаған. Яғни бетперде киген, қолында қаруы бар екі ер адам кіріп, айтқан талаптарын орындамаса өлтіреміз деп қорқытқан. Одан ары жас жігіттер арам ойын іске асырып, ойынханадағы касса жәшігін бұзып, ішінен 350 000 теңге ақшаны алып, іздерін суытқан. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігі, "Қарақшылық" бойынша тіркелді. Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов
Бейнебақылау камераларын мұқият қарау, жан-жақты жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі тәулік ішінде күдікті ретінде облыс орталығының екі тұрғынын анықталып, ұсталды.
Тергеу барысында жас жігіттер қылмыс жасағанын мойындап, ұрланған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын жеткізді. Сонымен қатар, күдіктілердің бірі қолындағы тапаншаның ойыншық екенін, оны қала базарларының бірінен алдын-ала сатып алғанын айтты. Ал қарақшылық шабуыл жасағаннан кейін ол қаруды дәретханаға тастаған. Ойыншық тапанша заттай дәлел ретінде тәркіленіп алынды. Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінгі таңда күдіктілер қамауда. Оқиғаның барлық мән - жайы анықталуда және қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.