Тас жол үстінде орын алған ауыр жол апаты видеоға түсіп қалған

Сурет: gov.kz
10 шілдеде "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" тас жолында жол апаты орын алды. Жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараз жақтан Алматы бағытына қарай Toyota Camry 70 көлігі жүйіткіп келе жатып, "ЗИЛ 130" жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Camry 70 көлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, ондағы тағы бір жолаушы мен жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы