Психикалық ауытқуы бар ер адам екі оқушы қызды дәретханада зорламақ болған

Сурет: pxhere
Алматы облысында психикалық бұзылысы бар ер адам екі оқушы қызға тап беріп, тиіспек болған. Қыздар қаскөйдің қолынан сытылып үлгерген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Екі дерек бойынша ұсталған адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы, 3-бөлігі, 120-бабы, 3-2-бөлігі, яғни "Зорлауға оқталу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

9 шілдеде полицейлерге кәмелетке толмаған екі қыздың ата-анасы атынан арыз түсті.

Арызданушылар Шонжы ауылының қоғамдық дәретханаларының бірінде қыздарына (екеуі де 17 жаста) тап беріп, зорламақ болған белгісіз ер адамға қатысты шара қолдануды талап етті. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Полицейлер 31 жастағы ер адамды ұстады.

Оның психикалық дамуы тежелген, мүгедектігі бар және психоневрологиялық диспансерде есепте тұрады. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Түпкілікті процессуальдық шешім факті бойынша тағайындалған арнайы психиатриялық сараптаманың қорытындысына сай қабылданатын болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты