Қала тұрғыны өзіне негізсіз айыппұл салынғанын айтып мәслихат депутатына шағымданған. Көлік жүргізушісі жолдағы жылдамдықты шектеу белгісі сағатына 60 км-ді көрсетіп тұрғанын айтады, бірақ камералар құқық бұзушылықты сағатына 55 км жылдамдықпен жүріп бара жатқанда түсіріп алған. Осы жайттан кейін мәслихат депутаты Әйгерім Жұмақұлованың бастамасымен редакцияға келіп түскен ондаған арыз-шағым назарға алынды. Мегаполис жүргізушілері келген хаттар мен дәлелді фото-видеоларын редакцияға жіберіп, айыппұлдың негізсіз екенін көрсетіп берді, делінген Otyrar.tv жаңалығында.
60 км деген шектеу белгісінен мен сағатына 55 немесе 52 шақырыммен жүріп өттім. Мен жылдамдықты 60-тан асырған емеспін. Жолда 60 деген белгі тұрды, ал антирадарым 40 км сағатына деп көрсетіп тұрды. Сондықтанда мен 55 км сағатына шамасында жүрдім. Бұл заңды ма? Мен сонда көрсетілген белгі бойынша жүріп, жол ережесін бұздым ба? Шымкент қаласының тұрғыны Асылкерім Қалдыбеков
Айта кетейік, бұл проблема тек бір ғана көлік иесіне қатысты емес. Дәл осындай айыппұл арқалаған оншақты тұрғын да тіркелген құқық бұзушылыққа наразы. Ал Шымкент қаласының полицейлері айыппұлды төлеп үлгермегендердің қарызын кешіріп, төлегенген ақшаны иесіне қайтаруға дайын. Бірақ, бір шартпен ғана. Жіберілген хабарламалар сәуірдің жетісі мен тоғызы аралығында түскен болуы керек. Себебі тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл күндері жүйеде ақау болған.
Шағым бергендерге қатысты айтар болсам, оларға қызмет көрсететін компанияның аппараттарында мәселе пайда болған. Сондықтан, 7 сәуірден 9 сәуірге дейін жүйеде ақау орын алды. Осы мерзімде айыппұл алған әрбір адам арыз жазып, ақшасын қайтара алады немесе айыппұлдарды алып тастай алады.Шымкент қаласы ПД-нің аға инсперторы Мақсат Апентаев
Асылкерім Қалдыбаев та полиция талабы бойынша арыз жазады. Алайда оған не ақшасы қайтарылмаған, не айыппұлдар да есептен шығарылмаған. Осы жағдайға байланысты заңгер Евгений Яворский заңбұзушылыққа тап болған кез келген адам мәселесін шешу үшін құзырлы органдарға хат жазуы керек екенін айтады.
Егер аталған күндері техникалары жұмыс жасамағандығы туралы полиция өздері қателерін мойындап тұрса, онда сол күнге белгіленген барлық айыппұлды алып тастауы керек. Тұрғындардың келіп арызданып шулағанын күтпеуі тиіс. Полицияның жүйесінде ақау болса, сол үшін адамдар өздері барып, айыппұлдың негізсіз екенін дәлелдеуі әділетсіз. Заңгер Евгений Яворский