Қарағанды облысында жол апатынан көлік жүргізушісі мен 10 жасар бала мерт болды

Сурет: pixabay
15 шілдеде сағат 15:00 шамасында Абай қаласынан бір шақырым қашықтықта қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағанды қаласынан келе жатқан Mercedes-Benz Sprinte көлігінің 39 жастағы жүргізушісі, алдын ала мәліметтер бойынша, жолдың қарсы бетіне шығып, Toyota Avensis-пен және Volvo фурасымен соқтығысқан.

Mercedes-тің жүргізушісі мен Toyota Avensis салонында болған 10 жасар бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Mercedes-Benz Sprinter және Toyota Avensis көліктерінің жолаушылары ауруханаға жеткізілді. Аталған факт полицияда тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында Қарағанды облысы ПД тергеу-жедел тобы жұмыс істеді. Жол апаты орын алған жол учаскесі уақытша жабылды. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды