Шымкентте жоғалып кеткен төрт жасөспірім Петропавлдан табылды

Сурет: zakon.kz
Түркістан облысында анасы өзінің 16 жастағы баласы жоғалып кеткенін айтып, полиция көмегіне жүгінді. Жасөспірімнің үш кәмелетке толмаған таныстарымен бірге "ел аралап" кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кәмелетке толмаған төртеу бейімдеу орталығына жеткізілді, ата-аналарға олардың қайда екені хабарланды. Ата-аналарды балаларға көбірек көңіл бөлуге, олардың мүдделерін түсінуге, кәмелетке толмағандар тарапынан, сондай-ақ оларға қатысты құқық бұзушылықтардың ықтималдығын азайту үшін таныстарын сырттай бақылауға кеңес береміз, - деді Петропавл қаласы ПБ ЖПҚ бөлімінің бастығы Рустам Садулов.

15-19 шілде аралығында Петропавлдың ювеналды полицейлері "Қауіпсіз жаз" акциясы аясында тұрмысы нашар отбасыларды тексеріп, жазғы лагерьлерге барып, профилактикалық әңгіме жүргізді. Сондай-ақ, көңіл көтеру орындары, компьютерлік клубтар, жастар жиналатын дәстүрлі орындар ерекше назарға алынды. Рейдтер кезінде жасөспірімдерге шомылу ережелері, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас, алаяқтық туралы жадынамалар және басқа да материалдар таратылды.

Акция барысында жеті қала тұрғыны заңды өкілдерінсіз кәмелетке толмаған балалардың түнде жүруі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шымкент
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты