Бірінші сатыдағы сот 2022 жылы сотталушылар кінәлі деп танылып, оларға бес жылын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өткізу үкім етілгенін жеткізді.
Алматы қалалық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды. Сот қаулысы заңды күшіне енді. Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі
Алайда блогер Данат Намазбаевтың қолдау тобы оның кінәсі дәлелденген жоқ деп есептейді.
Апелляциялық соттың үкімді өзгеріссіз қалдыру туралы шешімі әділетсіз, өйткені оның кінәлі екенін айғақтайтын ешқандай дәлел жоқ. Қазір күн сайын жаңалықтарға қарасаңыз, олигархтар ұрлаған миллиардтаған теңгені Қазақстанға қайтарып жатқаны туралы даң-дұң тақырыптардан қанығасыз. Сонда, шын ғой, Данаттың жазғаны, ол жемқорларды елді тонап, заңсыз алған ақшаны қайтаруға шақырды емес пе?.. Сотталған блогердің жұбайы Әлия Намазбаева
Сотталушының адвокаты бұл сот шешіміне қарсы отбасы Жоғарғы сотқа шағымдануды жоспарлап отырғанын айтты.
Блогер жемқорларды, Қазақстанға қатысты ресейлік саясаткерлердің мәлімдемелерін сынға алып, көзге түскен. Сондай-ақ ол Ресейдің Украинадағы әскери іс-қимылдарын айыптайды.