Қазақстанда кімдерге электрсамокат жүргізуге тыйым салынады

Сурет: Zakon.kz
Елімізде электрсамокатты жүргізуге жас шектеуін енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл мәселе бірінші рет талқыланып отырған жоқ. Проблема әуелі Алматыда, тұрғындар мен қала қонақтары электросамокаттарды пайдалана бастағанда басталды. Осыған байланысты біз заңнамалық негізде электросамокаттың стандартын қабылдау туралы шешім қабылдадық.Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев

Спикер стандарт қабылданғаннан кейін ҚР «Жол жүрісі туралы» Заңына, Жол жүрісі қағидаларына және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізілетінін қосты.

Комитет басшысының орынбасары электрсамокат жүргізушілерінің міндеттері мен құқығы заңда белгіленетінін, бірақ әуелі бұл ереже жұртшылықпен талқыланатынын түсіндірді.

Электрсамокатын жүргізу үшін жүргізуші куәлігі талап етілмейді. Жолда, жүріс бөлігінде, велосипед жолағында немесе қоғамдық көлік жолағында немесе сол жаяу жүргіншілер жолағында электрсамокат мінетін жүргізушінің жасы 16 жастан кем болмауы, сонымен қатар қараңғыда көрінуі үшін жабдықталуы міндетті болады.Жандос Мұраталиев

4 шілдеде Қазақстанда электросамокаттарды пайдалану стандарты қабылданғаны белгілі болды. Енді 50 км/сағ-тан асатын скутерлерді міну үшін жүргізуші куәлігі қажет екені хабарланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

25 тамыздан бастап Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырудың жаңа негіздері күшіне енеді