Түркістан облысында хабар-ошарсыз жоғалып кеткен жасөспірім табылды

Сурет: Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі
14 жастағы жасөспірімді туған-туысы екі күн бойы іздеген. Бала туыстарына ренжігендіктен үйден өз бетімен кетіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірдің полиция департаментінің хабарлауынша, жоғалған жасөспірімнің туыстары ауыл мен жақын маңдағы аумақтарды, сондай-ақ арна жағасын қарап, шолып шыққан, бірақ одан нәтиже болмапты.

Кәмелетке толмаған баланың денсаулығына байланысты кінәраты бары айтылды.

Хабар-ошарсыз жоғалған жасөспірімді іздеуге Келес аудандық полиция бөлімінің барлық полицейлері жұмылдырылды. Бірнеше мобильді топ құрылды. Жан-жақты іздестіру шаралары жүзеге асырылды: іргелес аулалар мен жасөспірім баруы мүмкін бағыттар қаралды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жоғалған бала орталық саябақтардың бірінен табылды. Түркістан облысы ПД

Жасөспірімнің айтуынша, ол екі күн бойы досының үйінде болған. Бала өз отбасы мүшелері баққан қойларын сұрамай сатып жібергендеріне ренжіп, үйден кету туралы шешім қабылдағанын айтты.

Табылған бала отбасына қайтарылды.

Түркістан облысының полицейлері бала жоғалған жағдайда дереу полицияға хабарласып, оны өз бетімен іздеп, уақыт ұттырмау керектігін еске салады. Сонымен қатар, әр ата-ана балаға адасып кету қаупі туралы айтып отыруы керек.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді